21 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1154

319 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында: 2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) жұмыс беруші - қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын заңды тұлға; 5) инженерлік-техникалық қызметкерлер - өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер;»; 4-тармақтың 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 (екі) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - ғылыми-педагог қызметкерлер санаты); 4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын, өндірісте кемінде 2 (екі) жыл жалпы, соңғы 12 айды қоса алғанда, жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты);»; 5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медицина қызметкерлері болып табылатын кемінде 3 (үш) жыл жалпы, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты); 6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты); 7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мыналар конкурсқа қатысу шарты болып табылады: 1) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін: Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар - бүкіл оқу кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнында белгіленген бағалар жүйесіне сәйкес кемінде «жақсы» деген бағаға сәйкес болуы; магистр, философия докторы (РШ), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға - бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) ОРА балға немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі - бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес болуы; 2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін - бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) ОРА балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына және осы диплом бойынша мамандықтың Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдап алған мамандыққа сәйкес болуы; 3) мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін - бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) ОРА балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес болуы.»; 10-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, оның ішінде конкурсқа философия докторы (РЮ), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін - Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімін (бұдан әрі — өтінім);»; 3) тармақша алып тасталсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хат;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін (тағылымдамаға үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса - білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;»; 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «14) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады; 15) бар болған жағдайда, Жұмыс орган бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;»; 16) тармақшадағы «анықтаманы қосымша ұсынады.» деген сөздер «анықтаманы қосымша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: «17) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынады.»; 11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.»; 13-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4) магистр, философия докторы (РЮ), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі;». 2. Осы қаулы 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.